Жапонияда төрт күндік жұмыс аптасы енгізілді

Токио демографиялық дағдарыспен күресудің жаңа әдісі ретінде - төрт күндік жұмыс аптасын қолданып жатыр. Онда халық тез қартайып, ал жастар жұмыс бастылықтан бала жоспарлауға уақыт таппай жатыр. Үкімет осыны ескере келе жаңа жұмыс аптасын енгізді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Fortune басылымына сілтеме жасап.

Бұл неліктен қажет?

Басылымда айтылғандай, елдегі ең ірі жұмыс беруші қалалардың бірі Токиода өз қызметкерлеріне аптасына төрт күн ғана жұмыс істеуге рұқсат берді. Бұл жаңа ереже әйелдердің жауапкершілігін жеңілдетуге және халқы тез қартайып жатқан елдің туу көрсеткішін арттыруға бағытталған.

Реформа аясында қызметкерлер аптасына төрт күн жұмыс істеп қана қоймай, бала күтіміне байланысты жартылай демалысқа да шыға алады. Бұл бастама жұмыс күнін екі сағатқа қысқартады.

Губернатор мәлімдемесі

Токио губернаторы Юрико Коике осы аптада Токио қалалық ассамблеясының кезекті сессиясында сөйлеген сөзінде:

"Біз әйелдерге бала туу және бала тәрбиелеу сияқты өмірлік жағдайларға байланысты мансаптарын құрбан етпеу үшін жұмыс тәртібін икемді түрде қайта қарауды жалғастырамыз", - деді.

"Жапонияда туу көрсеткіші төмендеп кеткен"

Басылымда атап өтілгендей, Жапонияда туу көрсеткіші сегізінші жыл қатарынан төмендеді. Осылайша, 2024 жылдың бірінші жартыжылдығында елдегі туу көрсеткіші рекордтық төменгі деңгейге жетті. Биыл тек 350 мың бала дүниеге келген, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 5,7 пайызға аз. Елорданың туу көрсеткіші рекордтық көрсеткішке - 0,99 балаға дейін төмендеді, ал халықтың тұрақты санын сақтау үшін 2,1 бала қажет.

Жапония үкіметінің бірнеше ондаған жылдар бойы бала туу деңгейін арттыру шараларын жүзеге асырып келе жатқаны атап өтілді: мәселен, балабақшаларға субсидиялар, ұзақ бала күтіміне байланысты демалыстар, тіпті танысу қосымшасын іске қосу. Дегенмен бұлардың әсері аз болды. Өйткені қатал еңбек мәдениеті мен әйелдерге жүктелетін жүктеме өзгеріссіз қалды.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз