21 қарашада Жапонияның Кюсю аралында Сакурадзима жанартауы атқылады. Бұл туралы Жапония метеорологиялық агенттігі (JMA) мәлімдеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Жанартау жергілікті уақыт бойынша сағат 14:35-те атқылай бастаған. Оның кратерінен көтерілген күлдің биіктігі шамамен бір шақырымға жетіп, оңтүстік-шығысқа қарай тараған.
Жапонияның метеорологиялық агенттігі жанартаудың қауіп деңгейін өзгеріссіз қалдырды. Қазір қауіп деңгейі бес балдық жүйе бойынша үшінші сатыда тұр.
Мамандар жанартауға жақындаудың қауіпті екенін ескертіп, тұрғындарды сақтық шараларын ұстануға шақырды.
鹿児島桜島で爆発的な噴火。久々やないここまでデカいの。 https://t.co/2prru5fRqk
— 復活のこうこう (@townkoh) November 21, 2026
Сакурадзима жанартауы Жапонияның Кагосима префектурасында орналасқан. Ол Жапониядағы ғана емес, әлемдегі ең белсенді жанартаулардың бірі саналады.
1914 жылға дейін жанартау жеке аралда орналасқан. Алайда сол жылы болған күшті атқылаудан кейін аққан лава аралды Осуми түбегімен жалғаған.
Сакурадзима жанартауы үш шыңнан тұрады. Олардың ең биігі – Китадакэ (1117 метр). Ал Накадакэ шыңының биіктігі 1060 метр болса, Минамидакэ 1040 метрге жетеді.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
Massaget.kz