Жапонияда бірнеше жер сілкінісі тіркелді

Жексенбі күні таңертең Иватэ префектурасы жағалауында магнитудасы 6,1 болатын жер сілкінісі тіркелді. Содан бері алтыдан аса афтершок байқалған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі NHK сайтына сілтеме жасап.

Метеорология агенттігі цунами қаупі жоқ екенін мәлімдеді. Болжам бойынша жер сілкінісінің магнитудасы - 6,1.

Бұған дейін бейсенбіде Иватэ префектурасы жағалауында магнитудасы 7,2 болатын жер сілкінісі тіркелген еді. Тұрғындарға алдағы бір апта ішінде сақ болу ұсынылды.

Билік өкілдерінің мәліметінше, табиғи апат салдарынан қаза тапқандар жоқ. Сондай-ақ, тұрғын үйлер, көліктер немесе басқа да нысандар бүлінгені туралы ақпарат түспеген.

Жапония билігі жер сілкінісінен кейін шұғыл қызметтердің жұмысын үйлестіру, ақпарат жинау және зардап шеккендерге көмектесу үшін жедел штаб құрған.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!