Жапония премьер-министрі Тоқаевты салтанатты қарсы алды

Жапония премьер-министрінің офисінде Президент Қасым-Жомарт Тоқаевты салтанатты қарсы алу рәсімі өтті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Құрмет қарауылы сап түзеп, қос елдің мемлекеттік әнұрандары шырқалды. Құрмет қарауылының бастығы рапорт бергеннен кейін Қасым-Жомарт Тоқаев пен Санаэ Такаичи бір-біріне ресми делегация мүшелерін таныстырды.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!