Жапония бүгін 10:21-де Танэгасима аралындағы ғарыш айлағынан «Когаку-5» тыңшы спутнигі ұшырылды, – деп хабарлайды Bnews.kz.
«Когаку-5» – 2009 жылы дайындалған «Когаку-3» аппаратының жетілдірілген нұсқасы.
Аппарат сапасы өте жоғары камералармен жабдықталған. Барлаушы аппарат болғандықтан, оның көлемі, салмағы және басқа да мәліметтер құпия сақталады. Токио басылымдарының пайымдауынша, аппарат орбитаға КХДР жайлы ақпараттар жинау үшін ұшырылған.
2014 жылдың мамырынан бері Жапония үкіметі осындай 5 аппарат ұшырған, ел алдағы 3 жыл ішінде тағы 14 тыңшы спутник ұшыруды жоспрлап отыр.
сурет: lenta.ru