Жапонияның AIST (National Institute of Advanced Industrial Science and Technology) білім ордасы 2017 жылы әлемдегі ең қуатты суперкомпьютер жасап шықпақшы. Оның қуаты 130 петафлопс болады.
Жапондар жасайтын суперкомпьютер Қытайдың "Sunway TaihuLight" ұлттық суперкомпьютер орталығында тұрған нұсқасынан асып түспекші. Оның өнімділігі - 93 петафлопс. Жапонияның суперкомпьютері аса қуатты ғана емес әрі энергияны аз жұмсайтын етіп жасалады. "TaihuLight" орталығындағы компьютер 15 мегаватт жұмсаса, жапондардікі 3 мегаватт қана пайдаланбақ. Бұл есептеуіш жүйесі жасанды интеллект әзірлеу, медициналық деректерді зерделеу және басқа да тапсырмаларды орындау саласында пайдаланылады.
Дереккөз: inform.kz