- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Жапондардың жүз жасауының...
Жапондардың жүз жасауының сыры ашылды: ұзақ өмір сүретіндер істейтін үш минуттық жаттығу
Жапонияда жүз жасау сирек құбылыс емес. Ұзақ өмір сүрудің құпиясы - тамақтану, өмір салты және ең бастысы тұрақты жаттығулар, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Доктор Питер" басылымына сілтеме жасап.
Мәңгілік өмір құпиясы әлі ойлап табылған жоқ, бірақ жапондар жүз жасаудың ешқандай артық құпиясы жоқ екеніне сенімді. Тек дұрыс тамақтану, физикалық белсенділік, позитивті көзқарас және тағы бірнеше "құпия" ингредиент маңызды.
Олардың бірін "Икигай: ұзақ және бақытты өмірдің жапон құпиясы" кітабының авторлары анықтаған. Олар Жапониядағы Окинава аралдарында тұратын бірнеше адаммен сөйлескен. Бұл - адамдар орташа мерзімнен әлдеқайда ұзақ өмір сүретін жер.
"Әңгіме жапондардың күн сайын жасайтын ең қарапайым жаттығулары туралы. Олардың бірі Radio taiso деп аталады және жүз жылға жуық уақыттан бері белгілі", - дейді кітап авторлары Эктор Гарсия мен Франсеск Миралес.
Radio taiso жаттығуы қалай жасалады?
Бұл жаттығу мектептерде оқу алдында және кәсіпорындарда жұмыс алдында жасалады. Жаттығу жай қарқынмен жүреді, сондықтан күніңізді бастаудың тамаша тәсілі болуы мүмкін және 3-5 минуттан аспайды.
Бұл жаттығудың негізгі "ерекшелігі" - оны орындайтын адам қолдарын жоғары көтереді, кейін бүйірлері арқылы төмен түсіреді, айқастырады, сәл еңкейіп, қайта жоғары көтереді, айналмалы қозғалыстар жасайды, сонымен қатар, қолды кезекпен оңға және солға бұрады.
Сарапшылардың пікірінше, күнделікті өмірде қолымызды әрең қозғаймыз және оларды басымыздан жоғары көтермейміз. Қолды жоғары көтеру арқылы бүкіл денені жаңартып, бірқатар аурудың дамуына жол бермейміз, іш бұлшықеттерін күшейтеміз, ішкі мүшелерді көтереміз, омыртқаның қалпы мен жағдайын жақсартамыз.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова