- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Жапондар үш рет...
Жапондар үш рет бүктеле алатын OLED-дисплей шығарды
Өте жұқа дисплейлер соңғы кездері көптеп көзге түсе бастағанымен, әзірге электроника әлемінде кеңінен қолданысқа ене қойған жоқ. Мүмкін уақытша дилемманы Йокогамада өткен көрмеде өзінің сенсорлы OLED-дисплейін таныстырған жапонның Semiconductor Energy Laboratory (SEL) компаниясы шеше алатын болар?!
Gsmarena ғаламтор ресурсының хабарлауынша, дисплей Super AMOLED технологиясы бойынша жасалынған және 8,7 дюймді диагоналға ие. Ендеше оның негізгі артықшылығы бұл емес. Аталған жаңа өнімді үш жаққа бүге отыра, көрілімді жалғастыра беруге болады.
Одан бөлек, SEL компаниясы дисплейдің кішірейтілген нұсқасын, яғни 5,9 дюймді түрін де жалпы көрілімге қойған. Дегенмен, оның сенсорлы беті алып тасталыныпты.
Өндірушілердің айтуынша, дисплейді 100 мың рет иіп немесе бүгіп көруге болады. Бірақ олар өздерінің өнімін нақты қай салада немесе қай технологияны өндіруде қолданатындары туралы еш айтқан жоқ. Дегенмен, жұқа әрі сапалы дисплейлер қолданыстағы электроникада да, коммерциялық мақсатта да кеңінен сұранысқа ие болары айдан анық.
Сурет: www.alwasat.ly
Ж. Өрісбай