Жапондар адам өмірін жеңілдететін "ақылды" робот құрастырды. Kibiro атауын иемденген робот жасанды санамен қаматылған. Ол сізбен әңгімелесу барысында ақпарат жинап, оңтайлы кеңес берумен айналысады.
Токиодағы "ақылды" құрылғыны құрастырушылар робот адамның жақын досына айналатынына сеніммен қарайды. Ол үшін оның дизайнын әдейі адамның дене бітіміне бейімдеген. Мысалы, "ақылды" роботтың қозғалысқа келетін аяғы мен қолы бар. Одан бөлек, кез келген жағдайда тиімді мәліметпен бөлісетін сана көрсеткішімен қамтылған.
Инновациялық құрылғының салмағы 800 грамм, ал бойы – 28 см. Роботтың көзіне қондырылған LED-индикатор адамның эмоциясы мен тұрақты қалыбын бақылай алады. Өзге құрылғылармен Wi-Fi, Bluetooth, USB және HDMI құралдарымен қосылады.
Сұраныс танытқан қоғамдық және жекеменшік компаниялар келесі жылдың басында Kibiro роботының алғашқы нұсқасымен қамтамасыз етіледі. Ал 2016 жылдың екінші жартысында жаппай сатылымға шығарылмақ. Ресми ақпаратқа орай, роботтың бағасы 1000-1200 АҚШ доллары көлемінде болады.