Жапон ғалымдары Алматыдағы жер сілкісінін зерттемек. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"2024 жылғы 16-19 сәуір аралығында Қазақстан Сыртқы істер министрлігінің жанындағы KazAID халықаралық даму агенттігі Алматы қаласында сейсмикалық қауіпсіздік мәселелері бойынша жапон мамандарының қатысуымен арнайы семинар өтеді", - деді Айбек Смадияров СІМ-де өткен баспасөз мәслихатында.
Іс-шараны Жапонияның JICA халықаралық даму агенттігі, Құрылыс саласындағы ғылыми зерттеу және жобалау институты, Төтенше жағдайлар және табиғи апаттар қаупін азайту орталығы бірлесіп, ұйымдастырады.
Айбек Смадияровтың айтуынша, жапондар Орталық Азияның және Кавказ елдерінің өкілдерімен бірлесіп, сейсмикалық қауіпсіздік саласындағы тәжірибесімен алмасады.
"Олар сейсмикалық оқшаулау саласындағы озық технологиялар мен стандарттар туралы пікір алмасып, сейсмикалық құрылыстағы әлеуетті ынтымақтастықты талқылайды. Сарапшылар Алматы және Ното қалаларындағы соңғы жер сілкінісін зерттейді. Бұл болашақта сейсмикалық тәуекелдердің алдын алу стратегиясын әзірлеуге өз септігін тигізеді", - деді СІМ-нің ресми өкілі.
Аяз Есен
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!