Сочиде өткен Олимпиада ойындарының қола жүлдегері қазақстандық Денис Тен жапондардың анимесінде басты кейіпкердің рөлінде сомдалды. «Юри мұз айданында» деп аталатын анименің басты кейіпкері, прототипі Денис Тен.
Аниме биылғы жылдың қазан айынан бастап көрерменге жол тартты. Онда тек қазақстандық мұз айдынының жұлдызы емес, әлемге танымал спортшылардың прототиптері бар. Денис Теннің анимедегі атауы Отабек Алтын.
Анимеде Кацуки Юри есімді жас жігіттің мұз алаңында көп сәтсіздікке ұшырап, жеңілістен көз ашпаған соң ауылына қайтып, сол жерде жүріп қайтадан өзі сүйген спортқа қайтып келуі суреттеледі.
Анименің режиссері – Ямамото Саё, сценарийін жазған – Кубо Мицуро.