- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Жанында өртенген шөп...
Жанында өртенген шөп пен қоқыс жатқан: Шымкентте ер адам өлі табылды
Шымкентте орталықтан ер адам өлі табылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі otyrar.kz-ке сілтеме жасап.
Басылым мәліметінше, ер адамның мәйіті Қонаев даңғылы мен Түркістан көшесі қиылысынан табылған. Алдын ала мәліметтерге сәйкес, бұл туралы полицияға жергілікті тұрғындар 7 маусымда таңертең айтқан. Оқиға орнында өртенген шөп пен қоқыс жатқан. Алайда бұл жағдай туралы жақын маңдағы үйлердің тұрғындары білмейді.
"Жоқ, мәйіт туралы ештеңе естіген жоқпыз", - дейді көршілер.
Оқиға орнына келген полиция қызметкерлері зорлық-зомбылық белгілері жоқ ер адамның денесін тапқан.
Кейінірек мәйіт Шымкент қаласының 60 жастағы тұрғынына тиесілі екені белгілі болды. Құқық қорғау органдары өлімнің нақты себебін тергеу құпиясына байланысты жарияламаған.
"7 маусымда Шымкент қаласының көшелерінің бірінде зорлық-зомбылықпен өлім белгісі жоқ ер адамның мәйіті табылды. Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Әл-Фараби Полиция басқармасы қызметкерлері болған оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр", - делінген Шымкент Полиция департаменті хабарламасында.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова