Танымал блогер, әнші Әсел Асқар Желіде Gelandewagen көлігіне ақша жинап, басы дауға қалды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бұл туралы ол Instagram-парақшасында бөлісті. Блогердің айтуынша, осындай көлік алу үшін оған 50 миллион теңге керек.
"Мен кеше кешке 10 жарымда Gelandewagen-ге ақша жинап бастадым, бір тәулік әлі өтпеді. Қазір 1 миллион 200 мың теңге жинап үлгердім. Қала бойынша Gelandewagen жоқ. Курс ашып, жарнама сатудың қажеті жоқ, Gelandewagen қалаймын деп оқырмандарыма айттым, олар маған ақша жинап жатыр", - дейді ол Stories-інде.
Кейін блогер басқа танымал блогерлерді парақшасында белгілеп, ақша жинап бастаған. Олар 10-300 мың арасында ақша жіберіп жатыр.
Ол тіпті армандап жүрген көлігіне өлең арнаған. Қазір блогер 2 миллион 300 мың теңге жинап үлгерген.
"Сен менің арманымсың!
Жанымда болған айғырымсың,Жаным….
Менің Геленім!" - деп жазған ол.
Желі қолданушылары блогердің бұл әрекетін сынап тастады. Кей оқырманы Әсел Асқардың бұл қомақты қаржыны көлікке емес, қайырымдылыққа беретініне сенімді.
"Одан да қайырымдылыққа жинаса ғой", "Бұлай ақша жинау дұрыс емес қой", "Әсел, сіз сондай керемет, мөлдір адамсыз, бірақ мен қаржыны өзіңізге емес, қайырымдылыққа жинап жатқаныңызды сеземін", "Әсел шынымен ақша жинап, көлік алады десеңіз, қатты қателесіз. Ол ертең бәрін қайырымдылыққа жұмсайды. Ал мынау бар болғаны қалжың ғой", "Сізді жөні түзі блогер десем, көңілімді қалдырдыңыз", "Бұл қайыршылық деп аталады. Өзіңіз еңбеніп алыңыз, жеңіл жолмен жургенді ұнатады екенсіз! Одан да қанша ауру балалар, адамдар, жетім-жесірлер бар, осы айда садақа жасап, соларға жиналса ғой, шіркін!", "Халықтан ақша сұрап, көлік аламын деген ұят емес пе? Емге, әлде үй аламын десеңіз болар еді", "Көлікті қанша армандап, халықтан ақша сұрау ұят сияқты", - деп жазған олар.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!