- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Жаным көзіме көрінді"....
"Жаным көзіме көрінді". Сәкен Майғазиев жол апатынан кейінгі жағдайын айтты
Эстрада жұлдызы, МузАрт тобының солисі, әнші Сәкен Майғазиев жол апатынан кейінгі денсаулығы туралы айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бұл туралы өнер иесі өзінің instagram парақшасына жариялады. Әнші бұған дейін жол апатына түскені туралы оқырмандарына хабарлаған еді. Арада біраз күн өткенде әншінің денсаулығы сыр бере бастаған.
"Өткендегі жол апатынан кейін бір ай бойы шыдап жүре берген едім. Кеше шыдамай кеткен соң бір сынықшыға барсам, сүйегі шығып кетіпті. Шыбығы тайып, жүйке тамыры қысылып қалған шығар деп ойлап едім. Олай емес екен", - деді ол.
Әншінің айтуынша, сүйек орнына түспейінше салмақ салмауы керек екен. Сынған сүйектің орнына су жиналып қалған көрінеді.
"Сынықшы сүйекті орнына салып жатқанда жаным көзіме көрінді. Мұздай тер бұрқ етті. Сүйек орнына келгенше ауыр көтеруге болмайды. Мейрамбектің көкпарында көкпар тартуға болмайтынын айтты. Енді тек жанкүйер боламын. Мен қатыса алмай, көкпаршы жігіттердің айы оңынан туатын болды", - деді әнші.
Айта кетейік, бұған дейін әнші Сәкен Майғазиевтің жол апатына түскенін айтқан болатынбыз.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
Е. Ерболұлы