Сүйіктісіне ұсыныс жасап, Желіні шулатқан ергежейлі шариғат бойынша некесін қиды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бұл туралы видео "Иманды елім" Іnstagram-парақшасында пайда болды. Кадрда жақында сүйіктісіне үйленуге ұсыныс жасаған ер азамат пен болашақ жары шариғат бойынша неке қидырып жатқанын көруге болады.
Желі қолданушылары бұл жұпты сынның астына алып, пікір қалдырған.
"Жаным ау, басқа бай таппадың ба?" "Мына қыз өзін аямайды екен", "Қыз өз өміріне балта шауып отыр. Екеуі ұзаққа бармайтын шығар", "Қарт ана отыр уайымға салынып, қатты сөз жазбаңыздар, онсыз да қиналып келген ана ғой", "Мына жігіт неге өзі секілді ергежейлі қыз алмайды", - деп жазды олар.
Айта кетейік, бұған дейін ергежейлі жігіт қызға қалай ұсыныс жасағаны туралы жазған болатынбыз.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз