Қайрат Нұртас пен Жұлдыз Абдукаримова Түркиядағы отбасылық демалысынан видео жариялады. Онда олар әзілдеп, жастықпен бір-бірін ұрып жатқаны көрсетілген, - деп хабарлайды Massaget.kz.
Жұлдыз Абдукаримова бұған дейін Түркияда демалып жатқанын, үлкен ұлы Нарұл ғана келе алмай қалғанын айтқан болатын.
Қайрат та, Жұлдыз да видеоны Желідегі парақшаларында жариялаған.
"Бір-біріміздің ашуымызға тимей жүрмейік. Түнде күліп ұйықтаңыздар", - деген Жұлдыз Абдукаримова.
Видеоға түрлі пікір жазылған:
"Қайрекең келіншегінен осылай өш алатынын білдік", "Қайреке, аямай ұрып жатсың ғой", "Әйел адамды ақырын ұрсаң болмай ма?", "Махаббат пен қамқорлық қайда?", "Тек бақыт тілеймін, екеуіңіз бір жастықта қартайыңыздар", "Сонша салдың ғой жастықпен Жұлдызды, байқасай", "Алтындарым, бірге болыңдаршы", "Осылай ойнап-күліп бірге жүріңіздер. Қайрат екеуіңіздің бұрынғы махаббатқа толы пост, стористарыңызды сағындық", "Мааа, Қайрат аямай ұрады ғой. Жұлдызға жаным ашып кетті ғой… Дәл кинодағыдай құлайды ғой", - деп жазған Желідегілер.