Қазақстанның бас прокуроры Берік Асылов Астананың дамыту орталығында балаларды ұрып-соғуды жантүршігерлік оқиға деп атады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі
Берік Асылов өзінің Twitter-дегі парақшасында осы оқиға бойынша тергеу барысын Бас прокуратура бақылауға алғанын хабарлады.
"Елордадағы инклюзивті балабақшада болған жантүршігерлік оқиға қайталанбауға тиіс. Балаларды қорлауға, жәбір көрсетуге жол бермеуіміз қажет. Бұл факті бойынша қозғалған қылмыстық істің тергеу барысы бақылауға алынды. Бүлдіршіндерді қорлағандар заң алдында жауап береді", - деп жазды ол.
Еске салайық, бұған дейін Астана тұрғыны дамыту орталығында ұлына тәрбиешілер тарапынан қатыгездік жасалғанын айтқан еді. Осы дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Үш тәрбиеші жұмыстан қуылып, соталды тергеу басталды.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!