Жантүршігерлік оқиға: Астанада ер адам әйеліне пышақ жарақатын салып, кейін өзіне қол жұмсаған

Жантүршігерлік оқиға: Астанада ер адам әйеліне пышақ жарақатын салып, кейін өзіне қол жұмсаған
Фото: Tengrinews.kz

Астанада полиция адам өлтіру және өзіне-өзі қол жұмсау дерегі бойынша тексеріс жүргізіп жатыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Полиция департаменті мәліметінше, ерлі-зайыпты арасындағы жанжал барысында 55 жастағы ер адам 53 жастағы әйеліне пышақ жарақатын салған, кейін өзіне қол жұмсаған.

"Алған жарақаттары салдарынан екеуі де оқиға орнында көз жұмды", - деді Астана ПД өкілі.

Қазір оқиғаның себептері мен мән-жайын анықтауға бағытталған жан-жақты тергеу жүргізіліп жатыр.

ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етілмеді.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget