Алматыдағы қоқыс зауытында қоқыс пакетінің ішінде жаңа туған сәби табылған. Полиция бұл дерекке қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
ПД мәліметінше, бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды.
"Баланың анасының жеке басы және басқа да мән-жайлар анықталып жатыр. Сараптамалар тағайындалды", - дейді ПД өкілдері Massaget.kz тілшісіне.
Полиция департаментінің өкілдері сәби өлі табылғанын атап өтті.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!