Шымкентте қызды өлтірді деген күдікті ұсталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Полиция қызметкерлері жедел іздестіру іс-шаралары барысында 21 жастағы тұрғынды өлтірді деген күдікті ер адамды ұстады.
"Іздеу жұмыстарына қалалық Полиция департаментінің жеке құрамы толық жұмылдырылды. Қаланың кіреберіс және шығаберіс бағыттарында бақылау күшейтіліп, аумақ жан-жақты тексерілді. Күдікті қала аумағынан шамамен 10 шақырым қашықтағы ашық жерде ұсталды", - деді Шымкент ПД өкілі.
Қазір 28 жастағы ер адам уақытша ұстау изоляторына қамалған.
"Алдын ала мәліметке сәйкес күдікті марқұммен бұрын таныс болған. Қылмыстың себептері мен мән-жайы тергеу барысында анықталады. Бұл жайт бойынша қылмыстық іс қозғалып, кешенді жедел тергеу шаралары жүргізіліп жатыр", - деді полиция.
Еске салайық, 11 қаңтарда Шымкентте пышақ жарақаттарынан 21 жастағы қыз көз жұмды.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!