• 502.15
  • 490.7
  • 5.71

Жантүршігерлік қылмыс: ақтөбелік екі тұрғын танысын өлтіріп, басын тоңазытқышта сақтаған

Жантүршігерлік қылмыс: ақтөбелік екі тұрғын танысын өлтіріп, басын тоңазытқышта сақтаған
Фото: depositphotos.com

Ақтөбеде жантүршігерлік қылмысқа қатысты сот ісі басталды. Күдікті екеу - Хромтау ауданының тұрғындары, екі күдікті те бұрын сотты болған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Astana.tv-ға сілтеме жасап.

Тергеу материалдарына сәйкес, үш жігіт жиналып, ішімдік ішкен. Кейін жанжал шығып, күдіктінің бірі керісіп қалған жігітті сабап, артынша пышақ салған. Кейін екі күдікті пәтерден қашып кетіпті. Ертесіне үй иесі келіп, қылмысты жасырмақ болады. Мәйітті бөлшектеп, пакетке салып, бөліп-бөліп жасырған көрінеді. Ал басын тоңазытқышына салып қойған.

Ал туыстары марқұм ер адамды таба алмай, бір ай бойы іздеген. 

"Лукин Кузьменконың өлі денесін асбөлмеден жуынатын бөлмеге сүйреп әкеліп, бөлшектеген. Сосын дене мүшелерін пакетке салып, Хромтау ауданындағы "Гигант" карьеріне апарып тастаған. Ал өлі дененің қалған бөліктерін өз мұздатқышына салып қойған", - деді мемлекеттік айыптаушы Жанар Қабдышева.

Сотқа жәбірленуші тарап онлайн қатысты. Ал сотталушылардың әрекетінен жақындарының өзі шошып отыр. 

"2009 жылы ол менің бір саусағымды шауып тастады. Кейін дәрігерлер тігіп берді. Мені өлтіремін деп талай қорқытты", - деді сотталушының анасы Любовь Лукина.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

Б. Жұмаділлә