Жантүршігерлік кадр: Балқашта тұрғын үйдің бір бөлігі опырылған сәт видеоға түсіп қалды

Балқашта тұрғын үйдің бір бөлігі опырылған сәт видеоға түсіп қалды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

19 ақпанда сағат шамамен 08:10-да Қараменде би көшесі, 10 мекенжайында орналасқан тұрғын үйдің бұған дейін апат жағдайында, бұзылуы керек деп танылып, қазір пайдаланылмайтын кіреберіс бөлігі опырылған.

Оқиға салдарынан қаза тапқандар мен зардап шеккендер тіркелмеген.

Еске салайық, бұған дейін Балқашта тұрғын үйдің бір бөлігі опырылып түскені хабарланды. 

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!