Алматыда болған екі жол апаты жаяу жүргіншілердің өмірін қиды. Бұл туралы Алматы Полиция департаменті мәлімдеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Ведомство мәліметінше, екі оқиға да бүгін болған.
"Жаяу жүргіншілер де жүргізушілер сияқты жол қозғалысының қатысушылары. Алайда кейбір азаматтар әлі күнге дейін өз өміріне қауіп төндіріп, жолды рұқсат етілмеген жерден кесіп өтеді, қауіпсіз екеніне көз жеткізбей жолға шығады. Мұндай әрекеттің салдары өте ауыр болуы мүмкін", - деп ескертті полиция.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Айта кетейік, жыл басынан бері Алматыда жаяу жүргіншілерге қатысты 24 жол апаты тіркелген. Соның салдарынан 23 адам жарақат алып, екі адам қаза тапқан.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
Ж. Қадыржанова