Жантүршігерлік жол апатынан бала таңғажайып жағдайда аман қалды

Фото: Видео кадры

Павлодар облысында жантүршігерлік жол апаты болып, кішкентай бала таңғажайып жағдайда аман қалды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Полиция департаментінің мәліметінше, бала балалар орындығының арқасында аман қалған.

Оқиға 8 қарашада түнгі уақытта Қалқаман ауылының маңындағы Қызылорда-Павлодар тасжолында болған.

"Nissan көлігінің жүргізушісі сағатына 160 шақырым жылдамдықпен жүріп келе жатып, көмір тиелген КамАЗ-бен (тіркеме) соқтығысқан", - деп жазылған хабарламада.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Организация (@dp_pavlodar)

Оқиға салдарынан Nissan көлігінің жолаушысы оқиға орнында көз жұмды. Ал жүргізуші мен олардың түрлі жарақаттары бар баласы ауруханаға жатқызылды.

Айта кетейік, жол жүру ережелеріне сәйкес 7 жасқа дейінгі балалар көлік жүргізу кезінде автомобиль салонында тек балалар орындығына отыруы керек.

Өңірде жыл басынан бері жолда белгіленген жылдамдық режимін бұзғаны үшін 54,5 мың жүргізуші жазаланды. 100-ден аса жүргізуші балалар орындығын пайдаланбағаны үшін жауапқа тартылды.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова