Қытайдың оңтүстігіндегі Чжухай қаласында болған көлік апатынан 35 адам қаза тауып, 43 адам жарақат алды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі South China Morning Post-қа сілтеме жасап.
Басылымның хабарлауынша, зардап шеккен тұрғындар ауруханаға жеткізілді. Оқиға 11 қараша күні кешке болған. Жол талғамайтын көлік спорт орталығының жанында адамдар тобын басып кеткен.
Спорт орталығы маңында серуендеп жүргендер мен спортпен шұғылданып жатқан адамдар тобы зардап шеккен. Олардың қатарында қарттар, жасөспірімдер мен балалар да бар.
Анықталған деректер бойынша көлікті 62 жастағы Фань есімді ер адам жүргізіп келе жатқан. Құқық қорғау органдары оны қылмыс орнынан қашпақ болған кезде ұстап алды.
"Полиция қызметкерлері Фанның көлікте отырып, пышақпен өзіне жарақат салғанын анықтап, оны дереу тұтқындап, ауруханаға жеткізді", - деп хабарлады жергілікті полиция қызметкерлері.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз