Жантүршігерлік жол апаты: Маңғыстауда көлік түйені қағып, төрт адам қаза тапты

Маңғыстау облысында жол апатынан төрт адам қаза тауып, тағы төрт адам түрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Жол апаты 16 қыркүйекте сағат 20:30 шамасында Ақтау - Бейнеу тасжолында болған. Алдын ала мәлімет бойынша Жетібай ауылынан Шетпе ауылына қарай бағыт алған Toyota Camry көлігінің жүргізушісі жол үстіндегі түйені қағып кеткен.

"Осыдан кейін көлік қарсы бағытқа шығып кетіп, қарама-қарсы бағытта келе жатқан екінші Toyota Camry көлігімен соқтығысқан", - деді полиция.

Төрт адам алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмған. Тағы төрт адам зардап шегіп, түрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілген.

Екі көлік те арнаулы айып тұрағына қойылды. Сараптамалар тағайындалған.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!