Жантүршігерлік жол апаты: Қостанай облысында жеңіл көлік ауыр жүк көлігімен соқтығысқан

Жантүршігерлік жол апаты: Қостанай облысында жеңіл көлік ауыр жүк көлігімен соқтығысқан
Фото: 24.kz

Қостанай - Қарабұтақ тасжолында қайғылы жағдай тіркелді. Қарсы бағытқа шығып кеткен жеңіл көлік ауыр жүк көлігімен соқтығысып, салдарынан екі адам оқиға орнында тіл тартпай кетті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі 24.kz-ке сілтеме жасап.

Қайғылы оқиға Бейімбет Майлин ауданына қарасты Тобыл ауылы маңында болған. Алдын ала мәлімет бойынша Kia Sorento маркалы көлігінің жүргізушісі тізгінге ие бола алмай, қарсы бағытқа шыққан. Салдарынан қарсы келе жатқан DAF маркалы ауыр жүк көлігімен соқтығысқан.

Соққы қатты болғаны соншалық - жеңіл көліктің жүргізушісі мен ішіндегі бір жолаушы алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмған. Көлікте болған тағы бір жолаушы түрлі жарақатпен медициналық мекемеге жеткізілді.  

Қазір бұл дерек бойынша соталды тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр. Тергеу қорытындысы бойынша тиісті процессуалдық шешім қабылданады. 

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget