Жантүршігерлік жол апаты: көлік жылқыға соғылып, екі адам қаза тапқан

Павлодар облысында полиция жол апаты бойынша қылмыстық іс қозғады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Полицияның алдын ала мәліметтері бойынша 2 қазанда Атамекен ауылының маңында, Павлодар-Қызылорда тасжолында Toyota Alphard көлігінің жүргізушісі жоғары жылдамдықпен жылқыға соғылған. Соның салдарынан көлік аударылған. 

"Жол апатынан екі жолаушы қаза тауып, жүргізуші жарақат алды", - деді полиция.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!