• 500.67
  • 490.7
  • 6.04

Жантүршігерлік жол апаты: Алматыда 7 жасар қызды жүк көлігі басып кеткен

Жантүршігерлік жол апаты: Алматыда 7 жасар қызды жүк көлігі басып кеткен
Фото: Видео кадры

Алматыда жүк көлігі жаяу жүргіншілер өткелінен өтіп бара жатқан жеті жасар қызды қағып кетті. Оқиға салдарынан бүлдіршін жан тапсырды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Әлеуметтік желіде оқиға орнынан қорқынышты кадрлар пайда болды.

Полиция бұл оқиға бүгін Алатау ауданында болғанын мәлімдеді.

"Renault жүк көлігінің жүргізушісі Бұрындай көшесімен батыс бағытта келе жатып, Новая көшесімен қиылыста жаяу жүргіншілер өткелі бойымен жолдан өтіп бара жатқан жеті жасар қызды қағып кетті. Өкінішке қарай, бала оқиға орнында қайтыс болды", - деді Алматы ПД баспасөз қызметі өкілі.

Адам өліміне әкеп соққан жол апаты бойынша полиция қылмыстық іс қозғады.

"Қажет сараптамалар жүргізіледі", - деп жазылған хабарлмада.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget