Ақтөбеде әже мен немересін көлік қағып кетті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Диапазонға" сілтеме жасап.
Жол апаты 3 қыркүйекте шамамен 18:10-да "Әлия" базары маңында, Әлия Молдағұлова даңғылында болған.
Ақтөбе облыстық Полиция департаменті мәліметінше, Lada-21901 жүргізушісі Жұбановтар көшесіне қарай жүріп бара жатып, 65 жастағы әйел мен оның тоғыз жастағы немересін қағып кеткен. Олар жолды белгіленбеген жерден кесіп өтпек болған.
Жол апатынан зардап шеккендер ауруханаға жеткізілді, ал зейнеткер алған жарақаттарынан көз жұмды.
Полиция бұл дерек бойынша соталды тергеу жүргізіліп жатқанын, көлік тұраққа қойылғанын айтты.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова