Жантүршігерлік жол апаты: 23 жастағы әйел баласымен бірге тірідей өртеніп кетті

Жамбыл облысында жол апаты салдарынан әйел мен оның екі жастағы баласы тірідей өртеніп кетті. Қайғылы оқиға 24 қараша күні кешке болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Жамбыл облысы полиция департаментінің хабарлауынша, жол апаты республикалық маңызы бар Батыс Еуропа - Батыс Қытай автожолының 369-шақырымында болған.

Таразға бет алған ВАЗ 2114 пен BMW көліктері жол жиегіне тоқтаған. Осы кезде Mercedes көлігінің 44 жастағы жүргізушісі рөлге ие бола алмай, оларға соқтығысқан. Салдарынан BMW жүргізушісі мен оның кәмелетке толмаған ұлы оқиға орнында көз жұмды.

BMW көлікті 23 жастағы әйел айдаған, ал салонда оның екі жасар ұлы болған. Соққыдан көлік отқа оранған.

"Mercedes жүргізушісі уақытша ұстау изоляторына қамалды. Сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр", - деп хабарлады полиция.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

М. Лұқпан