Теміртауда жантүршігерлік қылмыс бойынша тергеу жүргізіліп жатыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Қарағанды облысы Полиция департаменті мәліметінше, 7 қазанда Теміртау қаласындағы Республика даңғылында орналасқан пәтерлердің бірінен 52 жастағы ер адам мен 49 жастағы әйелдің сүйегі табылған.
Бұл дерекке қатысты "Адам өлтіру" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалған (соталды тергеу басталған - еск.)
"Жедел іздестіру іс-шаралары барысында полиция қызметкерлері қылмыс жасады деген күдікпен марқұмдардың 20 жастағы ұлын ұстады. Ол уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазір тергеу жүргізіліп жатыр. Тергеу мүддесіне байланысты өзге ақпарат жарияланбайды", - деп жазылған хабаралмада.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова