Жантүршігерлік жайт: Тараздағы балабақшада тәрбиеші баланың басын жарып тастаған

Жантүршігерлік жайт: Тараздағы балабақшада тәрбиеші баланың басын жарып тастаған
Фото: Видео кадры

Әлеуметтік желілерде балабақша қызметкері балаға қол көтергені көрінетін тағы бір видео тарады. Бұл жолы оқиға Тараздағы мектепке дейінгі мекемелердің бірінде болған. Полиция қылмыстық іс қозғады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Видеода әйел көк пакетпен баланың басынан ұрғаны көрінеді. Бала басын ұстап, әйелден қашады. Келесі кадрларда соққыдан баланың бас терісі жарылып кеткені көрінеді.

Жамбыл облысы Полиция департаменті мәліметінше, Қылмыстық кодекстің 140-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалған.

"Қазір тергеу жүргізіліп жатыр, сараптамалар тағайындалды. Куәгерлерден жауап алынып, оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Тергеу барысы Полиция департаменті басшылығының бақылауында", - деді ведомствоның баспасөз қызметі өкілі.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget