Өзбекстанның Ташкент облысында теміржолда жантүршігерлік оқиға болды, пойыз әйелді басып кетті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Podrobno.uz-ға сілтеме жасап.
Көлік прокуратурасының мәліметінше, оқиға 4 маусымда таңғы сағат 6:20-да Чиназ-Алмазар станциялары арасындағы жолда болған. Хавас-Ташкент бағытында келе жатқан электр пойызы 36 жастағы әйелді басып кеткен, ол оқиға орнында көз жұмды.
Әйел эпилепсиямен ауырған, бұған дейін ол бірнеше рет үйден қашқан.
Бұл дерек бойынша сот-медициналық сараптама тағайындалып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!