- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Жантүршігерлік жайт: Оралда...
Жантүршігерлік жайт: Оралда үш бала бірнеше күн аш жүрген
Оралда аш жүрген үш бала анықталған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі uralskweek.kz-ке сілтеме жасап.
Кәмелетке толмағандар істері жөніндегі Комиссия өкілдері Құрманғалиев көшесі, 1/1 үй мекенжайына барған. Көршілері бұл үйдің тұрғындарына арыз түсірген.
Әлеуметтік желіде "Қайда бару керегін білмейміз. Балалардың жағдайы аянышты, аш, бізден тамақ сұрайды. Олар мұндай жағдайда өмір сүрмеуі керек" деген хабарлама тарады.
Басылым редакциясы бұл хабарды мемлекеттік органдарға жеткізіп, пікір білдіруін сұрады.
Екі сағаттан кейін бұл пәтерге қамқоршылық секторының меңгерушісі М.Караева, Орал қаласы әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандар істері жөніндегі комиссияның хатшысы А. Иргалеева, №39 ЖОББМ өкілдері, патронат медбике және ювенал полиция инспекторлары барып, тексеру жүргізді.
Ең үлкен баланың жасы жетіде, ол №39 ЖОББМ бірінші сыныбында оқиды. Қалған екеуі алты және екі жаста екені анықталды.
Балаларды тексеру кезінде олардың денелерінде жарақаты жоғы анықталды, бірақ оларға тұруға ешқандай жағдай жасалмаған. Балалар өмірлік қиын жағдайға тап болған балаларды қолдау орталығына орналастырылды.
Олардың аналарына тұрмыстық жағдайды қалпына келтіру үшін 2 күндік мерзім берілді.
Қамқоршылық секторы тарапынан еріктілер көмек көрсетеді. Басылым мәліметінше, балалардың ата-анасы ішпейді, биологиялық әкесі бар, бірақ заңды некеде тұрмайды. Олардың туу туралы куәлікте тіркелмеген.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
С. Бөлек