- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Жантүршігерлік жайт: мұғалім...
Жантүршігерлік жайт: мұғалім мектеп ауласында асылып өлді
Қырғызстанда мұғалім мектептердің бірінің ауласында асылып өлді. Бұл ақпаратты Бішкектегі Октябрь ауданының ішкі істер басқармасы өкілдері растады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі 24.kg агенттігіне сілтеме жасап.
5 шілдеде Бішкектегі №17 мектеп-гимназиясының ауласынан хореография пәнінің мұғалімі болған ер адам өлі табылды.
ІІБ өкілдерінің айтуынша, ер адам мектептің подъезінде өз-өзіне қол жұмсаған.
"37 жастағы А.Е-нің денесін қарау кезінде жарақаттар табылмады. Бұл дерек Октябрь аудандық ішкі істер басқармасының ақпараттық реестріне тіркеліп, тергеуалды тексеру басталды. Өлімнің себебін анықтау үшін сот-медициналық сараптама тағайындалды", - делінген хабарламада.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Бөлек