Жантүршігерлік жайт: ер адам балаларға ішіне ине салынған кәмпит таратқан

Жантүршігерлік жайт: ер адам балаларға ішіне ине салынған кәмпит таратқан
Фото: facebook.com/uvdleninsky312

Қырғызстанда балаларға ішіне ине салынған кәмпит таратқан ер адам ұсталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Оқиға 28 наурызда кешке Бішкектегі "Ақ-Ордо" тұрғын алабында болған. Ленин аудандық ішкі істер басқармасының баспасөз қызметі мәліметінше, жергілікті тұрғын шағым айтып жүгінген. Әйелдің сөзінше, 11 жастағы қызы мен басқа да балалар белгісіз ер адамнан тәттілер алған. Кейін кәмпиттердің ішінен ине бөлшектері табылған.

Бұл дерек бойынша Ленин аудандық ІІБ тергеу қызметі қылмыстық іс қозғаған. Барлық мән-жайды анықтау үшін сараптамалар тағайындалған.

Жедел іздестіру шаралары барысында күдікті кім екені анықталды. Ол Н.Д. есімді ер адам болып шықты. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалған.

Оның тұрғылықты жерін тінту кезінде кәмпиттер, тергеу үшін маңызы бар басқа да заттай дәлелдер тәркіленген.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget