Жантүршігерлік жайт: Астанада қылмыс жасап, 25-қабаттан секіріп кеткен адам аман қалды

Жантүршігерлік жайт: Астанада қылмыс жасап, 25-қабаттан секіріп кеткен адам аман қалды
Фото: Tengrinews.kz/ Тұрар Қазанғапов

Астанадағы тұрғын үй кешендерінің бірінде ер адам бірге тұратын сүйіктісін өлтіріп, кейін өзі көпқабатты үйдің терезесінен секіріп кеткен. Қайғылы оқиғаның мән-жайын елордалық Полиция департаменті өкілі мәлімдеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Ведомство мәліметінше, қайғылы оқиға 19 маусымда болған. Алдын ала деректер бойынша азаматтық некедегі ерлі-зайыпты арасында жанжал туындап, салдарынан ер адам әйелге пышақ жарақатын салған, кейін өзі тұрғын үйдің 25-қабатынан секіріп кеткен. Ол үйдің маңында тұрған көлікке құлаған.

"Ер адам ауыр жарақат алып, медициналық мекемеге жеткізілді. Қазір кешенді тексеріс жүргізіліп жатыр. Адам өлтіру дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды", – деп мәлімдеді Астана ПД өкілдері.

Әлеуметтік желідегі жазбаларға қарағанда, марқұмның артында 7 және 10 жастағы екі баласы қалған.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget