Алматы қаласының Түрксіб ауданындағы жекеменшік үйлердің бірінде жантүршігерлік жайт анықталды. Үйдің жертөлесінен полиэтиленге оралған ер адамның сүйегі табылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Қаланың Полиция департаменті мәліметінше, оқиға орнына дереу жедел тергеу тобы жеткен. Марқұм кім екені анықталды.
Алдын ала мәлімет бойынша ол тұрғын үйлер мен пәтерлерге жөндеу жұмыстарын жүргізумен айналысқан және қайғылы оқиға болған күні осы үйде болған.
"Жедел іздестіру іс-шаралары барысында полиция қызметкерлері үй иесін ұстады. Оның түсініктемесіне сәйкес ер адам мән-жайы әзірге анықталмаған жағдайда ауыр жарақат алған. Тергеу нұсқасы бойынша үй иесі болған оқиға туралы шұғыл қызметтерге хабарлап, көмекке жүгінудің орнына сүйекті жертөлеге жасырып қойған", - деді полиция.
Бұл дерек бойынша адам өліміне байланысты қылмыстық іс қозғалды. Сот-медициналық сараптама, бірқатар кешенді сараптама тағайындалды. Оқиғаның барлық мән-жайы жан-жақты тексеріліп, соталды тергеп-тексеру жалғасып жатыр.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!