Алматыда отбасылық жанжал қайғылы оқиғамен аяқталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Полиция департаменті мәліметінше, түнгі сағат 03:00 шамасында 102 арнасына Алмалы ауданындағы Брусиловский көшесінде орналасқан тұрғын үйлердің бірінде пышақ жарақатын алған адам бар екені туралы хабарлама түскен.
Оқиға орнына дереу полиция қызметкерлері мен жедел жәрдем бригадасы жеткен. Дәрігерлердің барлық күш-жігеріне қарамастан, 59 жастағы ер адам көптеген пышақ жарақаты мен қан жоғалту салдарынан көз жұмған.
Алмалы аудандық полиция қызметкерлері күдіктіні ізін суытпай ұстаған. Ол марқұмның 34 жастағы өгей ұлы болып шықты.
"Алдын ала мәлімет бойынша отбасылық жанжал кезінде ол ер адамға ас үй пышағымен бірнеше рет соққы жасаған. Күдіктінің айтуынша, жанжал анасына қатысты кикілжіңнен кейін басталған. Бұл жайттың барлығы соталды тергеп-тексеру барысында жан-жақты тексеріледі", - деді полиция.
Бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова