- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Жантүршігерлік жағдай: Павлодар...
Жантүршігерлік жағдай: Павлодар облысында септиктен 4 жасар бала өлі табылды
Фото:
ПД
Павлодар облысында септиктен 4 жасар бала өлі табылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
31 мамырда Мойылды кентінен септикте 2019 жылы туған баланың мәйіті табылған.
"Бала ата-анасының назарынан тыс қалып, көрші үйлердің бірінің ауласында орналасқан ағаш палубамен жабылған септикке құлағаны белгілі болды", - делінген полиция хабарламасында.
Бұл дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодекстің 140-бабы бойынша соталды тергеп-тексеру басталды. Сараптама тағайындалды.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова