Өзбекстанның балабақшаларының бірінде Қызыл кітапқа енгізілген Орта Азиялық екі кобраның қойылымы көрсетілген, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Кадрларда қойылымнан кейін жүргізуші жыландардың құйрығынан ақырын ұстап, бір-бірден қорапқа салғаны көрінеді. Қойылым кезінде айналасында балалар отырғаны да байқалады.
Жазбада "жыландардың бұл түрлері жылдам әрекет ететіні", сондай-ақ улы екені айтылған.
Өзбекстандық БАҚ-та балалар омбудсменінің баспасөз қызметі бұл жайтқа пікір білдіргені туралы ақпарат тарады.
Ведомство мәліметінше, құқық қорғау органдары оқиға қайда, қашан болғанын анықтап жатыр. Осыдан кейін жағдайды құқықтық жағынан бағалау туралы шешім қабылданады.
Еске салайық, бұған дейін Өзбекстанның Жызақ облысында ер адам тірідей жылан жұтқаны үшін айыппұл төледі.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
Ж. Қадыржанова