Атырауда 7 жасар баланы ескерткіш басып қалды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Қалалық полиция басқармасы өкілдері мән-жайды айтты. Оқиға 26 маусымда сағат 00:40 шамасында Атырау қаласындағы Жеңіс саябағында болды.
"2017 жылы туған қызға ескерткіш құлап кеткен. Дене жарақаттары салдарынан қыз облыстық балалар ауруханасында қайтыс болды", - деді құқық қорғау органдары.
Қазір бұл дерек бойынша тергеу жүргізіліп жатыр. Сот-медициналық сараптама тағайындалды.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!