Жантүршігерлік жағдай: Алматыда 71 жастағы зейнеткер аңшы қаруымен өзін атып тастаған

Жантүршігерлік жағдай: Алматыда 71 жастағы зейнеткер аңшы қаруымен өзін атып тастаған
Фото: Видео кадры

Алматының Түрксіб ауданында қайғылы оқиға тіркелді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Полицияның алдын ала мәліметіне сүйенсек, 71 жастағы ер адам аңшы қаруын пайдаланып, өз-өзіне қол жұмсаған. Оқиға кешкі уақытта жеке тұрғын үйде болған.

"Марқұм көзі тірісінде ауыр сырқаттармен ауырған. Туыстарының айтуынша, ол бұған дейін де мұндай ниеті туралы бірнеше рет айтқан", - деп жазылған хабарламада.

Аудандық полиция бөлімшесі бұл дерек бойынша соталды тергеп-тексеру жүргізіп, оқиғаның мән-жайын жан-жақты анықтап жатыр.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget