Әлеуметтік желіде Алматы облысы Қарасай ауданында түсірілген видео тарады, кадрда оқушы мен педагог арасындағы тосын жағдай көрінеді. Өңір әкімдігі өкілі осы оқиғаға қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Желіде тараған видеода аудандық мектептердің бірінің аумағында оқушы мұғалімге тап бергені көрінеді. Жазба авторының айтуынша, жанжал кезекші педагогтің жоғары сынып оқушысына сабақ кезінде мектептен шығуына рұқсат бермеуінен басталған. Жазбада оқиға салдарынан мұғалім ауыр жарақат алғаны айтылған.
Алматы облысының әкімдігі бұл оқиға 2026 жылы қаңтарда Жаңа қазақ орта мектебінде болғанын хабарлады. Видеодағы адам - 11-сынып оқушысы.
"Алдын ала мәлімет бойынша мұғалім оқушыға ескерту жасап, одан сабаққа, сыныпқа баруын талап еткен. Оқушы бұл талаптарды агрессивті қабылдап, салдарынан педагогке құқыққа қайшы, соның ішінде бұзақылық әрекет жасаған", - деді әкімдіктің баспасөз қызметі өкілі.
Қазір полиция соталды тергеу жүргізіп жатыр. Кейін оқушының іс-әрекетіне құқықтық баға беріледі.
Алматы облысының полициясы да оқушыға қатысты қылмыстық іс қозғалғанын нақтылады, бірақ қандай баппен іс қозғалғаны әзірге жарияланбады.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз