- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Жантүршігер жайт: Жамбыл...
Жантүршігер жайт: Жамбыл облысында 4 жасар баланың басы көліктердің арасына қысылып қалды
Фото:
ПД
Жамбыл облысында 4 жасар баланың басы көліктердің арасына қысылып қалды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Оқиға Қордай ауданында болған. Төрт жасар бүлдiршiн екі көліктің арасына түсіп, ми жарақатын алды. Ведомство мәліметінше, ұлын балабақшадан алып бара жатқан анасы басқа көлікті байқамай қалған.
"Полиция балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, қауіптердің алдын алу және баланы олардан қорғау ата-ананың басты міндеті екенін еске салады", - деп үндеу жасады полицейлер.
Еске салайық, бұған дейін Шымкентте әйел жоғары қабаттан лақтырып жіберген балаға қатысты тың деректер айтылғаны хабарланды.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова