Жансейіт Бұрхан үйқамаққа алынды

Жансейіт Бұрхан үйқамаққа алынды

Ұсталған Жансейіт Бұрхан үйқамаққа алынды, - деп хабарлайды Мassaget.kz тілшісі Алматы қаласының тергеу сотына сілтеме жасап.

"Алматы қаласы тергеу сотының 2022 жылғы 17 шілдедегі қаулысымен  Жансейіт Бұрхан 2 ай мерзімге 17 қыркүйекке дейін үйқамаққа алынды, күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы санкциялаудан бас тартылды", - деп хабарлады ведомстводан.


Айта кетейік, Республикалық адвокаттар алқасы Бұрхан Жансейітовтің адвокат емес екенін мәлімдеген болатын.

Ал Жансейітов 15 шілдеде күні Алматыда құқық қорғау органдарының ұйымдасқан қылмыстық топтарды жоюға бағытталған қызметіне кедергі келтіргені үшін ұсталған болатын. Ол полиция көлігінің жолын жауып, алдыңғы доңғалағын тесіп, провакациялық әрекетке барған. Сондай-ақ, Бұрхан Жансейтов полиция қызметкерлерін балағаттап, бопсалаған да көрінеді.

Г. Досымшалова