- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Жансақтауға түсу қаупі...
Жансақтауға түсу қаупі бар: ұйқы безіне зиян тағамдар аталды
Дәрігер, гастроэнтеролог Диляра Лебедева ұйқы безінің дұрыс жұмыс істемеуі панкреатитке, яғни оның қабынуына және асқазан-ішек жолдарының проблемаларына, қант диабетіне де әкеп соғуы мүмкін екенін айтты. Сондықтан тамақтанғаннан кейін пайда болатын жағымсыз әсерге бей-жай қарамау керек, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі doctorpiter.ru-ға сілтеме жасап.
"Тамақтанғаннан кейін ауырсынсаңыз, бұл ұйқы безіне мұқият қарауыңызға, гастроэнтерологқа баруыңызға себеп болады", - дейді Диляра Лебедева.
Ұйқы безі неге жауап береді?
Оның негізгі міндеттеріне маңызды гормондар мен ферменттер өндірісі кіреді:
- инсулин гормоны (қажет болған жағдайда қандағы глюкозаны төмендетеді);
- глюкагон гормоны (қажет болған жағдайда қандағы глюкоза деңгейін жоғарылатады);
- тағамды қорытуға арналған ферменттер.
Гастроэнтеролог ұйқы безінің дұрыс жұмыс істемеуінен қандай әсер туындайтынын айтты:
- жүрек айнуы;
- құсу;
- нәжістің бұзылуы;
- ісіну, т.б.
Дәрігер кейбір тағамдар ұйқы безіне өте қауіпті екенін, тіпті жансақтауға түсіруі қаупі бар екенін жеткізді. Сонымен ең қауіпті үш комбинация:
- ішімдік, тұшпара, ащы қыша немесе сірке суы;
- барбекю, ыстық тұздық және ішімдік;
- пепперони пиццасы және сыра.
"Өмір бойы созылмалы панкреатиттен емделгіңіз келмесе, ешқашан майлы, ащы тағамдарды және ішімдікті бірге тұтынбаңыз", - деп кеңес берді гастроэнтеролог.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова