- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- “Жанқош зорлады“ деп...
“Жанқош зорлады“ деп шағымданған қыздың әкесі: Кешірім бермеймін
"Боксшы Жанқош Тұраров зорлады" деп шағымданған Әнару Құрманәлінің әкесі Қалдыбек Құрманәлі қызына көмектесу үшін Алматыға келгенін айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Мұндай мәліметті журналист Гүлбану Әниятқызы әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.
"Спортшы Жанқош зорлады деп арызданған Әнару Құрманәлінің әкесімен сөйлестім. Қалдыбек Құрманәлі белгілі сазгер, Шәмші әндерін насихаттап жүретінін білесіздер. Қалдыбек ағаның 2016 жылы өмірден өткен Ақмаржан Таубаева есімді әйелінен Әнару қызы мен Әнасыл ұлы бар екен. Балаларыммен араласып, көмектесіп тұратынын айтты. Қалдыбек Құрманәлі жүрегіне ота жасатып, денсаулығына байланысты Түркістан облысына көшіп кеткен. "Қазір қызыма көмектесу үшін Алматыға келдім" дейді. "Қызым жылап келгенде бұл сорақылықты қоғам білуі керек деп, журналистермен сұхбат ұйымдастырған да өзім" деп отыр", - деп жазды журналист.
Гүлбану Әниятқызының айтуынша, қыздың әкесі Жанқош Тұраровқа кешірім бермейтінін айтыпты. Қызын қорғау үшін барын салатынын жеткізген екен.
"Қалдыбек Құрманәлі Жанқош жақтан кешірім сұрағанын, бірақ ешқандай кешірім бере алмайтынын айтты. "Қызымды қорғауға жанымды, барымды саламын" деп отыр. Әнару 28 жастағы үлкен қыз, тұлға. Жанқошпен кездескені, оған неге сенгені жайлы ештеңе айта алмаймын деді. Қоғамның буллингінен соң Әнару бірнеше рет өзіне қол жұмсамақ болыпты. Қазір депрессияда жүр дейді. Қалдыбек Құрманәлі бұл мәселеде аяғына дейін қызының қасында болатынын айтты", - деп мәлімдеді журналист.
Еске салайық, Жанқош Тұраров бұл даулы мәселе көтерілген сәттен бастап өз кінәсін мойындамады.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
Д. Ибраева