- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Жанқош Тұраровтың әйелі...
Жанқош Тұраровтың әйелі мәлімдеме жасады
Жанқош Тұраровтың әйелі Клара Иса боксшының "қыз зорлады" деп айыпталуына қатысты мәлімдеме жасады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Хабарласқанда телефон алуға шамасы келмей, уақыт таппай жүрген "құрбы-таныстың" бәрі түннен бері хабарласып, жағдайымды сұрады ғой. Бәрі дұрыс, уайымдамаңыздар. Ел алдында жүрген адамдар туралы не айтылмай жатыр?", - дейді Клара Иса.
Еске салайық, күні кеше Жанқош Тұраров қыз зорлады деген ақпарат тараған болатын. Бұл туралы "Письма президенту" телеграм арнасында жазылды. Алматының Полиция департаменті бұл ақпаратқа қатысты пікір білдірді.
Келіп түскен арызға байланысты Әуезов аудандық полиция Басқармасы қылмыстық іс қозғалған. Сот-медициналық сараптама тағайындалды.
"Қазір оқиғаның толық мән-жайын анықтау үшін тергеу жүріп жатыр", - делінген полиция хабарламасында.
Артынша Жанқош Тұраровтың өзі де "қыз зорлады" деген ақпаратқа алғаш рет жауап берді.
"Үш қыз өсіріп отырған әкемін. Төсектес қыз керек болса, маған зорламай-ақ келетін жағдайым бар! Қайдан шыққан жала екенін өзім де түсінбей отырмын.
Қазір мәселенің мән-жайын анықтап, кім, қандай жала тағып отырғанын анықтайтын боламын!", - деді Тұраров.
Жанқош Жасұланұлы Тұраров 1990 жылы 20 қарашада Жамбыл облысында туған. Кәсіпқой боксшы. 2023 жылы наурызда IBO нұсқасы бойынша бірінші жартылай орта салмақтағы әлем чемпионы атанды.
Жұбайы Клара Исамен үш қыз тәрбиелеп отыр.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
С. Сатыбалдина